01:33, 08 Қараша 2025 | GMT +5
Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM – Павлодар облысында барлық бағыт бойынша, тағы үш облыста республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар миистрлігінің баспасөз қызметі.
- Күн райының қолайсыздығына байланысты Павлодар облысында барлық автокөлік түрлері үшін барлық бағыттар бойынша, сондай-ақ 3 облыста (Ақмола, Қарағанды, Абай) республикалық маңызы бар а/ж 4 учаскесінде қозғалыс жабылды, - делінген хабарламада.
Жүргізушілерге сақтық шараларын сақтап, алыс жерлерге барудан бас тарту және жолдардың жай-күйі туралы ақпараттың жаңартылуын қадағалау ұсынылды.
Осыған дейін Семейден Павлодарға бет алған 50 автокөлік боранда жолға шыға алмай тұрғаны туралы жаздық.