Төрт облыстағы 14 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Еліміздің 4 өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың 14 учаскесінде жолға шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Ақмола облысында – 3 учаске:
1. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырымы, Қостанай облысының шекарасынан Сұрғанға дейін – 28 км.
2. «Жезқазған-Петропавл» бағытындағы тасжолдың 537-552 шақырымы, Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін – 15 км.
3. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 70-82 шақырымы, Ақсай ауылынан Бұзылық ауылына дейінгі – 12 км.
Ақтөбе облысында – 2 учаске:
1. «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тасжолының 97-185 шақырымы және Қандыағаш қаласынан Шұбар ауылына дейін – 88 км (шектеу автокөліктің барлық түріне қойылды).
2. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 89-234 шақырымы, Т.Жүргенов ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін – 145 км (шектеу автокөліктің барлық түріне қойылды).
Қостанай облысында – 7 учаске:
1. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 386-503 шақырымы, Денисовка ауылынан Рудный қаласына дейін – 117 км.
2. «Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл және Ресей Федерациясы шекарасына дейін 0-137 шақырымы және Денисовка ауылынан Ресей Федерациясы шекарасына дейін – 137 км.
3. «Екатеринбург-Алматы» бағыты бойынша 418-539 шақырым, Қарабалық ауылынан Қостанай қаласына дейін – 121 км.
4. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» бағытындағы автожолда 234-386 шақырым, Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейін – 152 км.
5. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 555-729 шақырымы, Тобыл қаласынан СҚО шекарасына дейін – 174 км.
6. «Мамлютка- Қостанай» аралығында 180-404 шақырым, СҚО шекарасынан Тобыл қаласына дейін – 224 км.7. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолының 8-232 шақырымы, Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін – 224 км (шектеу жүк және қоғамдық көліктерге енгізілді)
Солтүстік Қазақстан облысында – 2 учаске:
1. «Екатеринбург-Алматы» бағытындағы жолдың 729-768 шақырымы, Қостанай облысы шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін – 39 км.
2. «Мамлютка-Қостанай» автожолының 103-180 шақырымы, Пресновка ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін – 77 км.
Айта кетсек, биыл республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 1466 және 777 техника жұмылдырылды.