Төрт облыста жол ашылды
Қарағанды облысында 6 наурыз 09.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» тасжолының 51-104 шақырымында, Ақмола облысының шекарасы-Нұра ауылы аумағында. көлік қозғалысы қайта жанданды.
Сондай-ақ Қарағанды облысында 6 наурыз 8.30-дан бастап «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 967-1135 шақырымында, Қарағанды қаласы-Павлодар облысының шекарасы аумағында көлік қозғалысына рұқсат етілді.
8.30-дан бастап «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара» тасжолының 231-324 шақырымы, Павлодар облысының шекарасы-Ботақара ауылы аумағында көлік қозғалысы қалпына келтірілді.
Қостанай облысында 6 наурыз 09.00-ден бастап «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолының 7-106 шақырымы, Қостанай қаласы-Әулиекөл аумағында жол (жолдың бір бөлігі) ашылды.
Сонымен қатар 6.00-ден бастап төмендегі тасжолдарда көлік қозғалысына рұқсат етілді:
1. «Мамлютка-Қостанай», 250-406 шақырым, Ұзынкөл-Тобыл ауылы аумағы
2. «Екатеринбург-Алматы» 419-540 шақырым, Қарабалық ауылы-Қостанай қаласы аумағы
08.15-тен бастап «Қостанай қаласы айналмасы» тасжолының 0-21 шақырымында көлік қозғалысы жанданды.
Ақмола облысында 6 наурыз 9.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» автожолының 32-51 шақырымында, Қабанбай батыр-Қарағанды облысының шекарасы аумағында жол ашылды.
Шығыс Қазақстан облысында 6 наурыз 8.00-ден бастап «Өскемен-Алтай-Рахман шоқысы» тасжолының 6-66 шақырымында, Ушанова ауылы-Серебрянск қаласына бұрылыс аумағында көлік қозғалысына рұқсат етілді.