Төрт түрікменстандық спортшы Харбин қысқы Азия ойындарынан шеттетілді

ХАРБИН. KAZINFORM – Түрікменстандық 4 спортшы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарынан шеттетілді. 

Төрт түрікменстандық спортшы Харбин қысқы Азия ойындарынан шеттетілді
Фото: Синьхуа

Хоккейден ерлер арасындағы топтық кезеңнің кезекті матчында Түрікменстан құрамасы қытайлық Гонконг құрамасымен кездесіп, 1:5 есебімен жеңіліп қалды. Ойын аяқталысымен екі команда арасында төбелес басталып, салдарынан Гонконг сапындағы үш хоккейші жеңіл жарақат алды. 

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) төбелеске қатысқан 4 түрікменстандық хоккейшінің әрекетін қасақана шабуыл деп бағалап, Азиаданың қалған ойындарынан толықтай шеттеті.

Сонымен қатар Гонконг арнайы әкімшілік аймағының басшысы Джон Ли Качхиу төбелесті қатаң сынап, жарақат алған спортшылардың көңілін сұрады.

Айта кетейік, хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы қысқы Азия ойындарының А тобында барлық кездесуде жеңіске жетіп, плей-оффқа бірінші орынмен шықты. 

Соңғы жаңалықтар