Төрт жамбылдық субсидияға бөлінген 900 млн теңгені жымқырған

Жамбыл облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті таңқурайдың элиталық сортын отырғызуды субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

прокуратура
Фото: Максат Шагырбаев

Нәтижесінде шаруа қожалықтардың жер телімдерінде таңқурай отырғызылмағаны, көшеттер мүлдем сатып алынбағандығы белгілі болды.

"Өздерінің қылмыстық әрекеттерімен 4 адамнан тұратын топ 2 жыл ішінде мемлекетке 900 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Биылғы 7 сәуірде осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 216-бабының 3-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу барысында барлық күдіктілер қамауға алынып, олардың жалпы құны 1,9 млрд теңге құрайтын мүлкіне тыйым салынды.

Ал 12 қыркүйек күні қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталып, негізінен қарау үшін сотқа жолданды", - деп жазды прокуратурадан.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.

Соңғы жаңалықтар