Төрт жасар бала жүрегі тоқтап қалған атасымен бір сағат бойы жабық пәтердің ішінде қалып қойған

ӨСКЕМЕН. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде төрт жасар бала жүрегі тоқтап қалған атасымен бір сағат бойы жабық пәтердің ішінде қалып қойған. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінен хабарлады.
None
None

Немересін 59 жастағы күйеуімен қалдырып кеткен әйел, қайтып келген кезде пәтерге кіре алмаған: есікті іштен ешкім ашпаған. Отағасын ояту үшін біраз уақыт есікті ұрғылаған әйелдің әрекеттерінен ештеңе шықпаған. Нәтижесінде ол құтқарушыларға қоңырау шалып, көмек сұраған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар есікті бұзып кірген кезде, диванда жатқан отағасының суық денесін тапқан, бала дененің қасында отырған. Бейтаныс адамдарды көрген бала басқа бөлмеге қашып кеткен. «Бала жылаған жоқ, мүмкін не болғанын түсінбеген шығар, бірақ қорқып қалғаны анық», - дейді аға құтқарушы Анатолий Кириченко.

Пәтер иесінің бір сағаттан астам уақыт бұрын көз жұмғаны анықталды. Ішкі істер департаментінің қызметкерлері оның денесін медиктерге тапсырды және оқиғаның мән-жайын тексеру үшін полиция нарядын шақырды.

Соңғы жаңалықтар