Төрт жылдық додаға ең көп жолдаманы Қазақстанның қай өңірі жеңіп алды

Символ Олимпиады 2024 Париж 2024 жылғы Париж Олимпиадасының символы
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына ең көп жолдаманы қай өңірдің спортшылары жеңіп алғаны белгілі болды.

Нақтырақ айтсақ, ең көп жолдамаға Алматы қаласының спортшылары қол жеткізді. Олардың еншісінде 17 лицензия бар.

Ал екінші орында Астана қаласының спортшылары тұр. Астаналықтар 15 жолдамаға иелік етсе, үздік үштікті Шымкент қаласының спортшылары мен Шығыс Қазақстан облысының спортшылары түйіндеп тұр. Олардың еншісінде 10 жолдамадан бар.

Қостанай, Ұлытау және Маңғыстау облыстарының спортшылары Париж олимпиадасына бірде-бір лицензияға қол жеткізе алмады.

Олимпиада лицензиялары өңірлер бойынша
Фото: Kazinform

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақ спортшылары қандай спорт түрлерінен сынға түсетінін мына сілтеме арқылы өтіп біле аласыз. 

Соңғы жаңалықтар
telegram