Төрт жұмысшыны топырақ басып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тамбов тергеушілері қаланың оңтүстік жақ бөлігінде ор қазып жатқан кезде топырақ басып қалған жұмысшының өліміне байланысты тексеруді бастады.
Бұл туралы РТК Тергеу басқармасының сайтында хабарланды.
«Жұмысшылар Астрахан көшесінде салынып жатқан үйге коммуникациялық желі жүргізу үшін ор қазып жатқан. Алдын ала деректерге қарағанда, топырақтың опырылуы салдарынан төрт адам үйінді астында қалған»,-делінген хабарламада. Үшеуі топырақ астынан шыға алған, ал 1965 жылғы жұмысшы ажал құшты.