Төртінші сайланым депутаттары үш сессияда 340-тан астам заң қабылдады - Елбасы

АНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Төртінші сайланым депутаттары үш сессияда 340-тан астам заң қабылдады. Бұл туралы бүгін төртінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясын ашу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

Мызғымас мемлекетіміздің бас бағдарына айналған ата заң аясында көптеген заңдардың қабылданғандығын тілге тиек еткен Елбасы, «Осы сайланымның депутаттары үш сессияның ішінде 340-тан астам заң қабылдағаны оның жарқын айғағы болып табылады. Бұл заңдардың басым көпшілігі қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеруге арналған», деді.

Сондай-ақ, Парламентте қабылданған заңдар арқылы еліміздің қаржы және салық жүйесін жетілдіру бағытында нақты қадамдар жасалғанын баса айтқан ҚР Президенті «Мен жемісті еңбектеріңіз үшін баршаңызға өз ризашылығымды білдіргім келеді. Парламенттің алдағы уақытта да абырой биігінен көрініп, ел үмітін ақтай беретіндігіне кәміл сенемін», деді.

Соңғы жаңалықтар