Төтенше жағдай кезіндегі волонтерлер туралы шағын фильм жарыққа шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Телерадиокешені «Карантин аумағы. Волонтерлер» атты шағым фильмнің жарыққа шыққанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Шағын фильмде коронавирус жұқтырған азаматтармен байланыста болғандарды қабылдап, оқшаулайтын емхана сипатында жасақталған «Рамада» қонақүйіндегі эксклюзивті кадрлар бейнеленген.

Медициналық қызметкерлермен бірге жүздеген волонтер тәулік бойы оқшауланған азаматтарды бақылап, оларға қызмет көрсетіп келеді. Волонтерлер емханада жабық режимде өмір сүреді. Қонақүй аумағынан тек медициналық қызметкерлермен бірге кете алады.


Соңғы жаңалықтар