Төтенше жағдайлар департаментінде мемлекеттік сатып алу туралы байқаулар заңсыз жүргізілген - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Прокуратураның араласуымен 50 млн. астам теңге мемлекеттік сатып алудың күші жойылды. Нақтырақ айтқанда, облыс прокуратурасы БҚО ТЖ департаментінде мемлекеттік сатып алу туралы байқаулардың заңсыз жүргізілгендігін анықтады.
None
None

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы 12 және 22 шілдеде конкурстық комиссиямен 13,3 млн. астам теңгеге қойманы және 39,1 млн. астам теңгеге ғимаратты күрделі жөндеу бойынша электронды мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталған. Алайда конкурсты ұйымдастырушылар жұмысты демпинг есебінен қарастыру ұстанымын ескермей, Үкіметтің 2012 жылғы 15 мамырдағы №623 қаулысымен бекітілген электронды мемлекетті сатып алуларды жүргізу ережесінің 131-тармағы 1) тармағын бұзған. Өнім берушілердің конкурстық бағалық ұсыныстары демпингтік болғандықтан, ол веб-порталмен автоматты түрде қабылданбауға тиіс еді.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы енгізген наразылықты қарау нәтижесінде ТЖ департаменті бастығының бұйрығымен электронды конкурстың қорытындысы туралы хаттамалардың күші жойылды.

Соңғы жаңалықтар