Төтенше жағдайлар кезінде халыққа берілген үйлерді жеке меншікке өткізу үшін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет - В.Божко

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде төтенше жағдайлар кезінде халыққа өтем ретінде салынып берген үйлерді жеке меншікке өткізу үшін заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігін айтты.
None
None

«Төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде өтем ретінде бюджеттік қаражат есебінде тұрғызылған тұрғын үйлер мен өзге де материалдық құндылықтарды азаматтардың жеке меншігіне беру тәртібін анықтап, заңнамаға өзгерістер енгізу қажет», - деді ол.

«Салынған үйлерді азаматтардың қолданысына бердік, олардың алғыс сөздерін Сіз естіп, көріп отырсыз», - деді министр К.Мәсімовке қаратып айтқан сөзінде. - Бірақ, заңды тұрғыда оларды жекешелендіріп беруге сызба жоқ. Заң бойынша бірқатар ережелерге өзгертулер енгізу қажет. Тиісті ұсыныстармен Сізге шығатын боламыз, - деп түйіндеді сөзін В.Божко.

Соңғы жаңалықтар