Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен ТМД елдеріне көмек көрсетуді регламенттейтін құжаттың жобасы талқылануда - Минск

МИНСК. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Минскіде сарапшылардың кезекті отырысы өтеді. Олар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің резервтік қорын құру туралы келісімшарттың жобасын толықтыру және келісу мәселелері талқыланады,
None
None

деп хабарлады Достастықтың Атқарушы комитетінен.

8-9 ақпан күндері болатын бұл отырыс аталмыш құжаттың жобасы бойынша өтетін үшінші сараптамалық кездесу болмақ. Құжатты келісу жұмыстары аяқталғаннан кейін, ол ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің қарауына ұсынылады.

Резервтік қор табиғи және техногендік мазмұндағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Достастық елдерінің кез келгеніне шұғыл көмек көрсетуге арналатын болады. Бір ғана шарт - егер ол ел төтенше жағдайдың салдарын өз бетінше еңсере алмайтын болса.

Қор оны құру туралы шартқа қол қойған тараптардың материалдық ресурстары мен қаржысынан, жұмыстары мен қызметтерінен жасақталатын болады. Мемлекеттерден, халықаралық ұйымдар мен заңды және жеке тұлғалардан ерікті жарналар да қабылданатын болады.

Соңғы жаңалықтар