Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан жолдарындағы жағдай жөнінде хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сағат 17.00-дегі жағдай бойынша ШҚО-да облыстық маңыздағы жолдардың 2 учаскесінде, «Күршім-Қалжыр» (65-131 км) және «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» (43-60 км) учаскелерінде жол жабылды.
None
None

ШҚО Көкпекті ауданында және Қарағанды облысының Абай, Бұқар-Жырау, Шет, Осакаровка аудандарында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай сақталуда, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Қазір ШҚО мен Қарағанды облыстарында жолдарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 217 қар тазарту техникасы тартылды.

Соңғы жаңалықтар