Төтенше жағдайлар министрі референдумда дауыс берді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда дауыс берді.

Әрінов
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Министр ҚР Президенттік орталығындағы №176 референдум учаскесіне келіп, елорда тұрғындарымен бірге республикалық референдумда өз таңдауын жасады.

№176 референдум учаскесінің комиссия төрағасы Асыл Көшкімбаеваның сөзіне қарағанда, бұл учаскеде 2630 дауыс беруші тіркелген.

м
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

- Бүгін таңғы сағат 7:00-де учаскеміз байқаушылардың қатысуымен ашылды. Республикалық референдумға толық дайынбыз. Тұрғындар келіп дауыс беріп жатыр, - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда жаңа Ата Заңның жобасы бойынша жалпыұлттық референдум басталды. 

Биыл 12 ақпанда Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының қорытынды жобасы жарияланды. 

Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды. 

Республикалық референдумда берілген бюллетеньде «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум