Төтенше жағдайлар министрі облыс әкімдерінен өңірлердегі өртке қарсы іс-шараларға бөлінетін қаржының көлемін ұлғайтуды сұрады

«Біз жуырда Бюджет кодексін қарастырдық, онда біршама қызықты цифрлар айтылды. Мәселен, 2009-2010 жылдардың ішінде экономика тиімділігінің артуы есебінен облыстар қосымша 200 млрд. теңгеден астам табыс тапқан. Ол ақша жергілікті биліктің құзырында қалып отыр. Осыған байланысты мен облыс әкімдерінен мәслихат депутаттарының алдына даладағы өртті сөндіру, ерікті өрт сөндіруші жасақтардың қызметін жолға қоюға арналған материалдық-техникалық базаны құру үшін, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени нысандардағы өртке қарсы іс- шараларын қаржыландыруды ұлғайту жөнінде мәселе қоюды сұраймын», деді В. Божко.
Министр әлеуметтік және білім беру нысандарында өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі министрліктің ұдайы назарында болатынын атап көрсетті.