Төтенше жағдайлар министрі В.Божко Беларустың Қазақстандағы Елшісімен кездесті

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі - Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларус Үкіметаралық комиссиясының қазақстандық тарапының тең төрағасы В.Божко кеше,
None
None
ақпанның 17-сінде Астанада Беларус Республикасының Қазақстандағы Елшісі В.Гапеевпен және Достастық елдерімен екіжақты ынтымақтастық басқармасының бастығы, Беларус Сыртқы істер министрі Н.Демчукпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуді өткізудегі мақсат - Беларус Премьер-Министрінің бірінші орынбасары В.Семашконың ақпан айының екінші жартысына жоспарланған Қазақстанға жұмыс сапарына әзірлік мәселесі болды. Алдағы сапар барысында экономикалық және сауда салаларында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр. 2008 жылы қыркүйек айында Астанада өткен Қазақстан -Беларус Үкіметаралық комиссиясының бесінші мәжілісінің хаттамасын орындау жөніндегі мәселені талқылау барысында, тараптар ол құжаттың барлық тармақтары жоспарлы мерзімдерге сәйкес орындалып жатқанын айтты.
Соңғы жаңалықтар