Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Оралда судың ажыратылуының мән-жайын айтып берді

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Оралда судың ажыратылуының мән-жайын айтып берді.
None
None

«Батыс Қазақстанда қар еріп жатыр және осы орайда тиісті шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, кәріз жүйесіне судың ауқымды ағыны жиналуына байланысты қала тұрғындарына түнгі мезгілде су жүйеден ажарытылды. Меніңше, бұл тұрғыда әкімдік дұрыс шешім жасады. Себебі, ол жерде кәріз жүйесі елеулі су көлемін қабылдауға қауқарсыз»,-деді министр. Ведомство басшысы қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысындағы жағдай тұрақтанғанын жеткізді.

Осы орайда В. Божко Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев су тасқынының алдын алуға байланысты өңір әкімдерімен селекторлық кеңес өткізгенін хабарлады.

«Біз тағы да барлық әкімдіктердің назарын көктемгі қардың еруі мезгіліндегі жағдайға шұғыл әрекет ету қажеттілігіне аудардық»,-деді министр. Сөз соңында ол халықты судан қорғау шаралары қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар