Төтенше жағдайлар министрлігі құрылымдары жаңа мамандармен толықты -Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі құрылымдары Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған 131 білікті маманмен толықты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Институт түлектерінің 12-сіне үздік диплом табыс етілді. Ал олардың барлығы еліміздің әр аймағынан арнайы жолдама алып келген жеткіншектер болатын. Ендігі күні жоғары білімді офицерлер сол өңірлерде қызметке кіріспек. Бұған дейін 196 офицер сырттай білім алғандығы жөнінде диплом алған. Өз алдына жеке отау болып шыққан 14 жыл ішінде еліміздің төтенше жағдайлар құрылымына 2267 жоғары буын кадрлары дайындалды.

Соңғы жаңалықтар