Тото Кутуньо бастаған «Сан Ремо» жұлдыздары - Астанада

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 шілде күні Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында италиялық музыканың «Сан-Ремо жұлдыздары Астанада» атты концерті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына сілтеме жасап.
None
None

Концертке италиялық эстраданың аңызға айналған әншілері Тото Кутуньо, Робертино Лоретти, сондай-ақ «Ricchi e poveri» және «Hit Italy» топтары қатысады.  Кеш барысында артистер 80-ші жылдардағы хит әндерді орындайды, олардың арасында L'italiano, Solo noi, O Sole mio, Sarà perché ti amo, Mamma Maria, Jamaica және тағы да басқа композициялар бар.

Мәдени шара «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өтеді, сондай-ақ ол Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орайластырылған.

Айта кетейік, «Сан-Ремо» италиялық музыка фестивалі - жыл сайын ақпан айының ортасында Италияның солтүстік-батысында орналасқан курорттық қалада өткізілетін танымал музыкалық байқау. Аңызға айналған музыкалық фестиваль 1951 жылдан бері талантты музыканттар мен орындаушылар үшін есігін айқара ашып келеді. Адриано Челентано, Клаудиа Мори және Тото Кутуньо сынды әлемге әйгілі әншілер кезінде осы «Сан-Ремодағы италиялық ән фестивалінен» шыққан.

Тото Кутуньо - аса дарынды музыкант: аккордеонда, гитарада, саксофонда, барабан және клавишті аспаптарда ойнайды. Төрткүл дүниеге танымал L'italiano, Solo noi, Et si tu n'éxistais pas, Salut және басқа да көптеген хит әндердің авторы әрі композиторы.

Робертино Лоретти 1960 жылы Римде XVII Олимпиада ойындарының ашылуында 13 жасар Робертино Лоретти O Sole mio әнін орындайды. Көп ұзамай ол әлемге танымал болады. Әлемдік турне барысында дарынды жасөспірімнің концерттерінде және баспасөзде әрдайым ажиотаж болатын. Оның 1962 жылы жарық көрген алғашқы синглы «алтынға» айналды, ал O Sole mio әні миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулады. Әншінің дискографиясында 8 альбом бар, ал күні бүгінге дейін радиода орындалып, кино- және мультипликациялық ленталарда пайдаланылып жүрген әндерінің ішіндеі ең танымалдары -Jamaica мен Santa Lucia.

Ricchi e poveri - 70-80 жылдары танымал болған италиялық және еуропалық сахналарды жаулаған жарқын топтардың бірі. Олардың музыкалық мансаптары 1968 жылы Генуя қаласында басталған болатын. Топ «Cantagiro» италиялық музыка фестиваліне қатысып, L'ultimo amore әнін орындады. Күйтабақтары бүгінгі күнге дейін барша әлемге 20 млн дана тиражбен тараған. «Сан-Ремо» фестиваліне және «Евровидение» байқауына көп мәрте қатысқан топ телевизиялық қойылымдар мен мюзиклдерге де түскен. 1982 жылы Mamma Maria синглы Еуропада ең көп сатылған альбомның басты әніне айналды.

Соңғы жаңалықтар