Тоты Әмірова Алматы облысында құлаған ұшаққа қатысты пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы- бас мемлекеттік авиациялық инспекторы Тоты Әмірова 25 тамызда Алматы облысында құлаған ұшаққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазақстанда жалпы мақсаттағы авиация немесе ЖМА кіретін private aviation (жекеменшік авиация) жылдам қарқын алып дамуда.  ИКАО құжаттарына және ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ЖМА әуе кемесі (ӘК) ол - ұшақтар мен тікұшақтарды ақылы емес және жалға алусыз пайдаланылатын жекеменшік және заңды тұлғалардың меншігіндегі ӘК. Көпшілік жағдайларда осы аталған ӘК иелері коммерциялық қызметтермен айналыспайды, олар тек өздерінің қажеттіліктері үшін ғана ұшады», - деп жазады Тоты Әмірова өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда, көпшілік жағдайларда кәсіби мамандар жұмылдырылған коммерциялық авиациядан «жекеменшік авиацияның» айырмашылығы мұнда жауапкершілік тікелей әуе кемесінің иесіне жүктелетіндігі. «Жекеменшік авиация» ұшақты өзі басқарады немесе  ұшқыш жалдайды.

«Қазіргі кезде Қазақстанда жалпы мақсаттағы авиацияға жатқызылған авиациялық жұмыстарды орындауға құқық беретін куәлігі мен пайдалану сертификаты жоқ, бірақ ҚР Азаматтық әуе кемелері мемлекеттік тізілімінде тұрған  77 ұшақ пен тікұшақ бар. Жыл сайын жекеменшік ұшақтар мен тікұшақтар саны геометрикалық прогреспен өсіп келеді. Бұл бір жағынан жақсы, екінші жағынан «әуесқой авиацияның» қауіптерін күшейтеді.  Азаматтық авиция комитеті ЖМА иелеріне сертификат бермейді. ААК  тек «Шағын авиациялардың қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі жүргізетін пайдалануға жарамдылық туралы бағалау актісі негізінде ғана ұшуға сертификат береді»,- деп атап өтті Әмірова.

Азаматтық авиация комитет өкілінің сөзіне қарағанда, ендігі кезекте заң бойынша жауапкершілікті арттыру мәселесі қаралуы тиіс.

«Қорытынды жасауға әлі ерте. Арнайы комиссия ұшақ құлауының нақты себебін анықтайтын болады»,- деді Әмірова.

Еске сала кетейік, Алматы облысында ұшақ құлап, салдарынан бір адам мерт болып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілгендігі туралы хабарлаған болатынбыз.  

Соңғы жаңалықтар