Той үстінде атылған оқ жолаушылар ұшағына тиді

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Ішкі рейсті орындаған ливиялық Buraq Airlines әуе компаниясының ұшағы Триполи қаласындағы әйежайға қону кезінде оқ астына алынды.
None
None

Абырой болғанда ұшақ аман-есен жерге қонды.

Әуежайдың өкілі хабарлағандай, ұшаққа әуежайдан алыс емес жерде өткен той барысында атылған дәстүрлі мерекелік оқтардың бірі тиген болуы ықтимал. Бұл туралы Утро.ру мәлімдеп отыр.

Барлық жолаушылар дін аман. Керосин құйылған бакқа оқ тимеген. Әуежай әдеттегі тәртіпте қызмет көрсетуде. Аталмыш жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оның барысында ұшаққа тиген оқтың кездейсоқ болғаны, не болмағаны анықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум