19:21, 04 Қараша 2009 | GMT +5
Тойға барған полиция қызметкері пышақ жарақатынан көз жұмды
ОРАЛ. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы арнайы күзет қызметі басқармасының 22 жасар қызметкері Н. Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылына дос жігітіне күйеу жолдас болып барып, қайғылы қазаға ұшырады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған 27 жасар И. деген жергілікті тұрғын кеуде тұсынан екі рет пышақ салған. Жас жігіт ауылдық ауруханада көз жұмған.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде күдікті іздестірілу үстінде.