Toyota Camry автомобилі Volkswagen Jettaны басып қалды - Ақтау

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда Toyota Camry автомобилі Volkswagen Jetta көлігін басып қалды.
None
None

Жол-көлік оқиғасы 16 ақпан күні Ақтау қаласының 12 және 13-шағын аудандары аралығында болған, деп хабарлайды lada.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Jetta көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолы маңына тоқтаған. Ал оның соңынан келе жатқан Toyota Camry күтпеген маневр жасап, Volkswagen-нің үстіне шығып, яғни алдыңғы дөңгелегі алдағы көліктің жүргізуші жақ терезесінен салонға кіріп кетеді. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ. Оқиға орнына үш арнайы жол-патрулдік полициясы көліктері келіп жеткен.

Жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің хабарлауынша, Toyota Camry көлігінің жүргізушісіне хаттама толтырылған.

Соңғы жаңалықтар