«Toyota», «Lexus» - ҚР ІІМ жиі ұрланатын көліктердің маркасын атады

АСТАНА ҚазАқпарат – Жыл басынан бері елімізде 909 көлік ұрланып, 775-і табылған. ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов ведомствоның онлайн брифингісінде осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Toyota», «Lexus» -  ҚР ІІМ жиі ұрланатын көліктердің маркасын атады

«Ең жиі ұрланатын көліктерге келсе, бұл жерде «Toyota», «Lexus» көліктері жиі ұрланатынын айтуға болады. Биыл 60-тас астам көлікке іздеу жарияланды. Оның 85 %-ы табылып, иелеріне қайтарылды», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, ТМД елдерінің арасында ұрланған көліктерді бір-біріне қайтару бойынша тығыз байланыс бар.

«Бірлескен жұмыстардың арқасында кейінгі 5 жылда ТМД елдерінан Қазақстанда ұрланған 50-ден астам автокөлік табылды.

Ал біздің елден Достастық мемлекеттерінің аумағында ұрланған 200-ге жуық автокөлік іздестірілді.

Жыл басынан бері 909 көлік ұрланса, олардың 775-і табылып, заңды иелеріне қайтарылды.

Осындай қылмыстарды жасаған 19 қылмыстық топ ұсталды. Қазір олардың халықаралық байланыстары тексеріліп жатыр», - деді жедел уәкіл.