19:39, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Тойотаның Ресейдегі бөлімшесі осы жерде екінші зауыт салуды ұсынды
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Тойотаның Ресейдегі бөлімшесі өздерінің бас компаниясына Ресейден екінші зауыт салуды ұсынады. Бұл жөнінде «Тойота Моторс» ЖШС басшысы Такеши Исогая Ресейде автомобильдер мен автобөлшектер шығаруды дамыту жөніндегі мәжілісте айтты,
деп хабарлайды РБК.
«Біз жақын арада өз көрсеткіштерімізді қайта қараймыз және Ресейде екінші зауыт салу және оны дамытуды күшейту жөнінде Toyota Motors Corp. жедел талқылау жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деді ол. Т.Исогаяның айтуынша, D және E буынындағы автомобиль өндірісіне күш салу қажет, өйткені шығару көлемі көп болмағанымен, олардың қосымша құны өте жоғары.
2007 жылғы желтоқсанның 21-інен бастап Петербург маңындағы Шушарада Тойота көлігі шығарыла бастады. Зауыттың өндірістік қуаты туралы айтар болсақ, мұнда жылына 20 мың Тойота Камри көлігі шығарылады. Қазіргі уақытта компанияда 750 адам жұмыс істейді.