11:55, 24 Тамыз 2010 | GMT +5
Трактор аударылып, бір адам қаза болды
ӨСКЕМЕН. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде, Защита теміржол стансасындағы көпірде төтенше оқиға орын алды - жүк тиеуші трактордың жүргізушісі рульге ие бола алмай, техниканы аударып алды.

Трактор көпір жақтан жүріп келе жатқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 31 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмды.