Трамп он бірінші рет немерелі болды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың президенті Дональд Трамп бейсенбі күні он бірінші рет ата атанды. Оның қызы Тиффани ұл босанды, деп хабарлайды Independent.

Трамп стал дедушкой в 11-й раз: дочь Тиффани родила ему внука
Коллаж: Kazinform, instagram / @tiffanytrump

— Қош келдің, сүйікті сәбиіміз Александр Трамп Булос. Біз сені сөзсіз жақсы көреміз! Өмірге келгеніңе алғысымыз шексіз! — деп жазды бейсенбі күні Тиффани Трамп әлеуметтік желілерде, ұлының аяғының суретін жариялап.

Бұл — 31 жастағы Тиффани Трамп пен оның 27 жастағы күйеуі Майкл Булостың тұңғыш баласы. Жұп 2022 жылдың қарашасында Флорида штатындағы Палм-Бич қаласында орналасқан Мар-а-Лагода үйленген болатын.

Дональд Трамп қызы Тиффанидің жүкті екенін 24 қазандағы сөз сөйлеуінде жария етіп, бұрынғы әйелі Мария Мейплзбен бірге тәрбиелеген кенже қызын «ерекше жас әйел» деп сипаттаған еді.

Дональд Трамптың басқа немерелері (Кіші Дональд, Иванка және Эрик есімді балаларынан):

  • Кіші Дональд Трамп пен бұрынғы әйелі Ванессада бес бала бар: Кай Мэдисон — 18 жаста, Дональд Джон Трамп III — 16 жаста, Тристан — 13 жаста, Спенсер — 12 жаста және Хлоя — 10 жаста.

  • Иванка Трамп пен күйеуі Джаред Кушнердің үш баласы бар: Арабелла — 13 жаста, Джозеф — 11 жаста және Теодор — 9 жаста.

  • Эрик Трамп пен әйелі Лараның екі баласы бар: Эрик «Люк» — 7 жаста және Каролина — 5 жаста

Бұған дейін Трамп демократтар ұшақты сыйлық ретінде қабылдаған Трампты сынға алғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар