Трамп әкімшілігі 85 000 визаның күшін жойды

АСТАНА. KAZINFORM - Трамп әкімшілігі қаңтар айынан бері барлық санаттағы 85 000 визаның күшін жойды. Бұл өткен жылғыдан екі есе көп, деп хабарлайды CNN.

Вождение в нетрезвом виде и кражи: администрация Трампа аннулировала 85 тысяч виз
Фото: unitedpacstlucia.com

Визаларды қайтарып алуға мас күйде көлік жүргізу, шабуыл жасау және ұрлық сияқты құқық бұзушылықтар себеп болды. Оның 8 000-нан астамы студенттер визасы.

Тамыз айында Мемлекеттік департамент өкілі АҚШ визасы бар 55 миллионнан астам шетелдік азаматты «үздіксіз тексеру» саясатын енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Мемлекеттік департамент өтініш берушінің виза алуға құқылы емес екендігі туралы дәлел болған жағдайда, соның ішінде елде мерзімінен бұрын болу, қылмыстық әрекет, қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіру, кез келген террористік әрекетке қатысу немесе террористік ұйымды қолдау туралы дәлелдер болған жағдайда, кез келген уақытта визаны қайтарып ала алатыны аталып өтті.

Жаңа ережелерге сәйкес, үміткерлер іріктеу процесінің бөлігі ретінде әлеуметтік желілердегі профильдерін жария етуі тиіс.

Бұған дейін АҚШ шетелдік туристердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарын іріктеуді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар