Трамп: АҚШ Еуропадағы әскер санын қысқартпайды
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Еуропадағы әскер санын қысқартпайды, тек олардың орналасуын тәртібін өзгертпек. Бұл туралы финляндиялық әріптесі Александр Стуббпен кездесуінің алдында журналистарге сұхбат берген АҚШ президенті Дональд Трамп мәлім етті, деп жазады ресейлік ТАСС.
- Жоқ әрине, бірақ біз олардың орналасу жүйесін өзгертуіміз мүмкін, - деді Трамп Еуропада АҚШ әскерінің қысқартылуына қатысты сауалға жауап бере отырып.
-Еуропада біздің әскеріміздің өте көп екенін білесіздер, сол себепті біз олардың орналасқан жерін өзгертуіміз мүмкін,-деп қосты ол.
Өз кезегінде осы кездесуге қатысып отырған АҚШ-тың әскери министрі Пит Хегсет Еуропа елдерінің әскер шығынын 2035 жылы ішкі жалпы өнімнің 5 пайызына дейін жеткізу талабы АҚШ Еуропаны НАТО-да қалдырып бара жатыр дегенді білдірмейтінін жеткізді.
-Алайда біз әскеріміздің қайда орналасқанын қарап, АҚШ пен біздің НАТО-дағы одақтастарымыз үшін олардың қалай тұрғаны тиімді екенін саралауымызға болады,-деді ол.
2025 жылдың маусымында Гаагада өткен НАТО саммитінде Еуропа елдерінің әскери шығындарын 2035 жылы ішкі жалпы өнімнің 5 пайызына дейін жеткізу туралы шешім қабылданған. Бұл ретте қаржының 3,5 пайызы тікелей қорғаныс саласына жұмсалатын болса, қалған 1,5 пайызы әскери әрекет кезінде қолданылатын инфрақұрылым нысандарын салуға шығындалмақ.
Осыған дейін АҚШ-тың есірткі картельдеріне соғыс жариялағаны туралы жаздық.