Трамп АҚШ президенті ретінде үшінші мәрте сайлануға құқылы екенін мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM — Дональд Трамп АҚШ Конституциясына қарамастан, үшінші мерзімге президент болуға құқығы бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Трамп АҚШ импортына жаһандық тарифтер туралы шешімін өзгертті
Фото: ТАСС

— Мүмкін біз тағы бір мерзімге қалатын шығармыз. Келесі мерзімге қалғанымыз дұрыс па? Біздің бұған құқығымыз бар, өйткені олар екінші мерзімде алаяқтық жасады, — деді ол Корпус Кристидегі бірнеше мың жақтастарының алдында.

Шамасы, американдық көшбасшы өзі іс жүзінде мойындамаған және демократ Джо Байден ресми түрде жеңімпаз деп жарияланған 2020 жылғы сайлау нәтижелерін меғзеген болуы керек.

— Біздің де мұны істеуге құқығымыз бар еді (үшінші мерзім — ТАСС жазбасы), — деді Трамп.

Сонымен бірге ол АҚШ-тың Демократиялық партиясының қазіргі көптеген көрнекті қайраткерлерін жынды деп атап, пікірлестерді қараша айында өтетін аралық сайлауда жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салуға шақырды. Сенаттың үштен бір бөлігі және бүкіл Өкілдер палатасы қайта сайлануы тиіс.

— Олар ақылсыз. Біз аралық сайлауда жеңіске жетуіміз керек, — деді президент демократтар туралы.

1951 жылы қабылданған АҚШ Конституциясына енгізілген 22-ші түзету президентті екі мерзімге билік етуден шектейді. Дегенмен, Трамп үшінші мерзімге үміткер болу мүмкіндігін бірнеше рет көтерді. Сонымен қатар, Трамптың бұрынғы негізгі саяси стратегі Стив Бэннон мұндай мүмкіндік туралы 2025 жылдың күзінде айтқан болатын.

Бұған дейін Трамп федералды мекемелерге Anthropic технологиясын қолдануына тыйым салғаны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар
Референдум