Трамп АҚШ-тың Панамадағы елшісін тағайындады

АСТАНА.KAZINFORM — Сәрсенбі күні АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Кевин Марино Кабрераны АҚШ-тың Панамадағы елшісі етіп тағайындайтынын мәлімдеді.

Трамп АҚШ-тың Панамадағы елшісін тағайындады
Фото: x.com/kmcabrerafl

Трамптың сайлауалды науқанының мүшесі Кевин Марино Кабрера Трамптың Панама каналын басқауға қатысты сынынан кейін таңдалды. Оның пікірінше, Панама АҚШ-ты «жұлып жеп жатыр».

— Мен Кевин Марино Кабрераны АҚШ-тың Панама Республикасындағы Елшісі қызметін атқаратынын хабарлауға қуаныштымын. Анығырақ айтсақ, ол Панама каналы арқылы бізді тонап жатқан елге елшілік етеді, — деген Трамп Кабрераны «фантастикалық» таңдау деп атады.

Трамп сонымен қатар әлеуметтік желідегі жазбаларында АҚШ-тың аумақтық кеңеюі туралы идеяларды таратып, Панама каналын бақылауға алуды, Канаданы және Гренландияны қосуды ұсынды. Ол Қытай әскерін каналдағы заңсыз әрекеттер үшін айыптап, Панаманы америкалық кемелерді пайдаланды деп сынады.

Естеріңізге сала кетейік, Трамп тағы да АҚШ-тың Гренландияны бақылауға алуын ұсынған болатын. Ол аралға иелік ету Құрама Штаттар үшін «абсолютті қажеттілік» екенін айтты. Бұған дейін АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Канаданы Американың 51-ші штатына айналдыруды «керемет идея» деп санайтыны туралы қауесет тараған болатын.

Соңғы жаңалықтар