Трамп АҚШ пен Украина арасында барлау ақпаратын алмасу қайта жанданғанын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Украина арасында барлау ақпаратын алмасу қалпына келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС

Трамп АҚШ-тың Украинамен барлау ақпаратын алмасуды дерлік қалпына келтіргенін мәлімдеді
Фото: Anadolu Ajansı

Ол сондай-ақ Сауд Арабиясында америкалық және украиндық шенеуніктердің алдағы келіссөздерінен жақсы нәтиже күтетінін айтты.

Ақпарат алмасуды қайта бастауды қарастырып жатыр ма деген сұраққа Трамп: 

— Біз мұны дерлік жасадық, — деді. 

Сауд Арабиясындағы келіссөздерге қатысты ол: «Осы аптада үлкен жетістіктерге жететінімізге сенемін» деді. 

Киевпен барлау мәліметтерін алмасудың тоқтатылуы өткен аптада америкалық әскери көмектің аяқталуымен байланысты.

Бұған дейін АҚШ Украинаға барлау бойынша қандай көмек көрсеткенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар