Трамп Америкада «бостандық күнін» жариялады

АСТАНА. KAZINFORM — Дональд Трамп ресми түрде тарифтерді көтеруге шақырар алдында әлеуметтік желідегі жазбасында бүгін елде «бостандық күні» екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Newsmax.

Трамп объявил в Америке «день освобождения»
Фото: kdrv.com

— Америкада бостандық күні! — деп хабарлады ол Truth әлеуметтік желісінде.

2 сәуір «Бостандық күні» болды және Америка Құрама Штаттары бұдан былай басқа елдермен сауда теңгерімінің бұзылуына жол бермейтінін білдірді.

Өткен аптада Трамп бейсенбіден бастап барлық автомобиль импортына 25% баж салығын жариялады, ал болат пен алюминийге 25% жаһандық тарифтер күшіне енді. Наурызда Қытайдың барлық тауарына 20% тариф енгізілген еді, бұған Бейжің жауап ретінде өз тарифтерін іске қосты.

Трамп Ақ үйде өз жоспарын баяндау үшін шығыс уақыты бойынша сағат 16.00-ге «Американы қайтадан ұлы елге айналдырамыз» атты баспасөз мәслихатын белгіледі.

Бұдан бұрын Президент Дональд Трамп АҚШ-тың барлық сауда серіктестері үшін 10% тарифті және өзінің «Америка бірінші кезекте» атты бағдарламасы аясында өзге ондаған мемлекетке барлық саланы қамтитын жоғары баж салығын енгізуді қарастыратын пакетін ұсынғанын жаздық.

Жоғары баж салығына тап болған Қытайдың Сауда министрлігі бұл шешімге қатаң қарсылық білдіріп, өз мүддесін қорғау үшін қажетті қарымта шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар