Дональд Трамп «Американы құтқару» заңын қабылдауға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп «Save America» заңы Сенатта қабылданатынын айтты. Ол бұл туралы Truth Social әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Трамп «Американы құтқару» заңын қабылдауға шақырды
Фото: The White House

- АҚШ үшін сайлаушының жеке басын растайтын құжат, азаматтықты дәлелдеуден басқа маңызды ештеңе жоқ. Бұл шешімді қабылдаңыздар, сонда қаншама жақсы жаңалық болатынын көресіздер, — деп жазды ол.

АҚШ президенті сайлау ережелерін қатаңдатуға бағытталған SAVE America Act («Американы құтқару») заң жобасын белсенді түрде насихаттап жатыр. Құжат сайлаушының жеке куәлігін міндетті түрде көрсетуді, дауыс беру кезінде азаматтығын растауды, сондай-ақ көп жағдайда пошта арқылы дауыс беруді шектеуді қарастырады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та Трамптың бейнесі бар меретойлық алтын монета жасалып жатқаны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар