Трамп Байденнің өз ұлына рақымшылық жасауын әділетсіздік деп атады

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың жаңадан сайланған президент Дональд Трамп жексенбі күні қазіргі президент Джо Байденнің ұлы Хантер Байденге рақымшылық жасауын «әділетсіздік және соттың қателігі» деп атады, деп хабарлайды Kazinform-ның меншікті тілшісі The Hill  сілтеме жасап.

Трамп
Фото: Wikimedia

 — Джо Хантерге жасалған рақымшылық көп жылдар бойы түрмеде отырған J-6 кепілге алынғандарға тарала ма? Бұл әділетсіздік және сот қателігі! — деп жазды Дональд Трамп Truth Social-да 2021 жылдың 6 қаңтарында АҚШ Капитолийіне шабуыл жасады деп айыпталған бүлікшілерге қатысты.

Жексенбі күні АҚШ президенті Джо Байден екі қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылып, үкімін күтіп отырған ұлы Хантерге рақымшылық жасады. 

 — Хантер ісінің фактілеріне қарайтын ешбір парасатты адам Хантер менің ұлым болғандықтан ғана таңдалды дегеннен басқа қорытындыға келе алмайды, бұл дұрыс емес, — деді Джо Байден.

Президенттің Конгрестегі республикашыл әріптестері Байденнің ұлына рақымшылық жасау туралы шешімін теріс қабылдады.

Өкілдер палатасы бақылау комитетінің төрағасы Джеймс Комер жексенбі күні X әлеуметтік платформасында президент «отбасысының сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы басынан аяғына дейін өтірік айтты» деп жариялады.

Еске сала кетсек, Дональд Трамп президенттік сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Джо Байденнің ұлы Хантер Байденге рақымшылық жасаудан бас тартпайтынын айтты. 

Бұған дейін Президент Джо Байденнің ұлы — Хантерге 2018 жылы қару сатып алу кезінде жалған мәлімет бергені үшін үш эпизод бойынша айып тағылғанын хабарлаған болатынбыз. 

Тамыз айында арнайы прокурор Вэнс АҚШ Президентінің ұлы Хантер Байденді румындық олигархтан 3 миллион доллар алды деп айыптады. Хантер бұл ақшаны америкалық ведомстволарға ықпал ету үшін пайдалануға уәде берген. 

Сондай-ақ АҚШ президентінің ұлы 1,4 млн доллар салық төлемегені үшін айыпталды.

Соңғы жаңалықтар