Трамп баж салығын кейінге шегеру арқылы келіссөзге уақыт берді

НЬЮ-ДЖЕРСИ. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп келесі айдан бастап Еуропа Одағы тауарларына салынбақшы болған 50 % баж салығын енгізу туралы шешімінен бас тартып, Вашингтон мен 27 елдік блок арасындағы келіссөздерге жетістікке жетуге тағы уақыт беру мақсатында мерзімді 9 шілдеге дейін ұзартуға келісті, деп жазды Reuters. 

Трамп
Фото: Anadolu

Трамп жұма күні келіссөздер жылдам жүрмей жатқанына наразы болып, 1 маусымнан бастап 50 % баж салуды ұсынған еді. Бұл мәлімдеме жаһандық қаржы нарығында толқулар туғызып, сауда соғысын ушықтырды.

Алайда Еуропа Комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен жексенбі күні Трампқа қоңырау шалып, келіссөздер үшін қосымша уақыт қажет екенін айтқаннан соң, ол саясатын жұмсартып, өтінішті қабыл алды. «Біз өте жақсы әңгіме өткіздік, сондықтан мен мерзімді жылжыттым», – деді Трамп Нью-Джерсиден Вашингтонға оралу жолында журналистерге.

Фон дер Ляйен X (бұрынғы Twitter) платформасында Трамппен «жақсы әңгіме» болғанын жазып, ЕО-ның тез арада әрекет етуге дайын екенін жеткізді: «Жақсы мәміле жасай алуымыз үшін бізге 9 шілдеге дейін уақыт керек». Ұздартылған мерзім жарияланған соң еуро мен АҚШ доллары йен мен швейцар франкіне қарағанда нығайды.

Алғашқы 90 күндік келіссөз терезесін наурызда 9 шілдеге дейін деп белгілеген Трамп, бірақ соңында мәміле іздемейтінін мәлімдеп, «мәміле – 50 %» деп айтқан еді. Ол кезде АҚШ және Еуропа қор нарықтары құлдырап, доллар әлсіреді.

Сәуірде жарияланған бірнеше елге баж салығының енгізілуі қаржы нарығын дүрліктірсе де, кейін Трамп келіссөздерге басымдық берді: Вашингтон Ұлыбританиямен келісімге, Қытаймен талқылауға қол жеткізді, алайда ЕуроОдақпен қатынастардың баяулығы «Америка бірінші» ұстанымына және кепілдендірілген қорғанысқа қатысты шиеленісті күшейтіп отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ президенті Дональд Трамп Еуроодақ елдерінен АҚШ-қа жеткізілетін тауарларға 50% кедендік баж салығын енгізуді ұсынған еді.

Соңғы жаңалықтар