Трамп Бразилиядан келетін импортқа кедендік баж салығын 50%-ға дейін көтерді

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп Бразилиядан келетін тауарлар мен қызметтерге салынатын кедендік баж салығын 50 пайызға дейін арттыруды көздейтін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ТАСС.

Трамп: Украинамен сирек кездесетін минералдар жөніндегі келісімге келесі аптада қол қойылады
Фото: Anadolu Ajansı

Ақ үйдің баспасөз қызметінің мәліметінше, құжатта Бразилия үкіметінің әрекеттері АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясаты мен экономикасына қатер төндіреді делінген.

Сондай-ақ жарлықта бұл шара Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонаруға қатысты өз елінде өтіп жатқан сот процесімен байланысты екені атап өтілген. АҚШ тарапы бұл істі «саяси астары бар» деп бағалап отыр.

Айта кетейік, шілде айының басында Дональд Трамп Бразилиядан келетін тауарларға 50 пайыздық тариф енгізу жоспарын жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар