Трамп Бразилияға 50 пайыздық баж салығын енгізді
АСТАНА.KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Бразилия тауарларына 50 пайыздық тариф енгізу жоспары туралы мәлім етті. Бұл негізінен елдің бұрынғы президенті, оның саяси одақтасы Жаир Болсонаруға деген қарым-қастынаспен байланысты болып отыр, деп хабарлайды NBC News.

Әлеуметтік желідегі Truth Social парақшасында Трамп Лула деген атпен танымал қазіргі президент Луис Инасио Лула да Сильваға жазған хатында Бразилияның оған деген көзқарасы халықаралық деңгейде масқара екенін айтты. –«Бұл сот болмауы керек» - деді.
Лула өзінің жауабында баж салығын көтеру әрекеті Бразилия заңдарына сәйкес, экономикалық өзара мүдде тұрғысынан қаралатынын жеткізді.
Лула сонымен бірге АҚШ-тың Болсонару сотына араласуына қарсы шықты.
- Бразилия – тәуелсіз институттары бар дербес мемлекет және ол қамқорлықтың ешқандай түрін қолдамайды,- деп жазды Лула.
— Мемлекеттік төңкерісті жоспарлауға жауапты адамдарды сотқа тарту Бразилияның сот билігінің айрықша құзыретіне жатады және ұлттық институттардың тәуелсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін кез келген араласуға немесе қауіп-қатерге жол берілмейді.
Бразиялия прокурорлары Болсонарудың соңғы сайлауда жеңіске жеткен іс басындағы президентті өлтіруді көздеген қылмыстық іске қатысқанын айтып отыр. Болсонару болса мұндай айыпты мойндаудан бас тартып отыр.
Ақ үйден хат алған басқа елдер сияқты, Трамп Бразилияны да тарифпен қорқытты.
АҚШ-тың халықаралық сауда комиссиясының мәліметі бойынша, Бразилия өткен жылы Америка Құрама Штаттарына 42 миллиард доллардан астам тауар әкеліп, 18-ші ірі импорттаушы болды.
50% - бұл Трамп өзінің әлеуметтік медиа платформаларында жариялағандай, осы аптада кез келген елге енгізген ең жоғары тариф.
Трамп «Бостандық күні» деп атаған 2 сәуір күні Бразилияға тек 10% тариф енгізуді жоспарлағанын айтқан.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 7 шілдеде Бразилияда БРИКС саммиті аяқталып, Трамп БРИКС саясатын қолдайтын елдерге қосымша 10 пайыздық сауда тарифтерін енгізу туралы ескерткен.
Осыған дейін Трамптың БРИКС-ті қолдайтын елдерге қосымша баж салығын жариялағаны турралы жаздық.