Трамп БРИКС-ті қолдайтын елдерге қосымша баж салығын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM - АҚШ президенті Дональд Трамп БРИКС саясатын қолдайтын елдерге қосымша 10 пайыздық сауда тарифтері енгізілетінін ескертті. Бұл туралы ол Truth Social желісінде жариялады, деп хабарлайды ТАСС.

Трамп
Фото: АА

— БРИКС-тің антиамерикалық саясатын қолдайтын кез келген елге 10 пайыздық қосымша баж салығы салынады, - деп жазды Ақ үй басшысы.

Басқа жазбасында ол 7 шілдеде Америка әкімшілігі басқа елдерді екіжақты сауданың одан әрі шарттары, америкалық нарыққа жеткізілетін тауарларға баж салығы немесе мәмілелердің жасалуы туралы хабардар ете бастайды деп мәлімдеді.

Kazinform агенттігіне ТАСС серіктес агенттігі арнайы ұсынды.

Айта кетейік, Рио-де-Жанейро 6 - 7 шілде күндері өтетін 17-ші БРИКС саммитін қабылдауға дайындалып жатыр. Саммитке 30-дан астам ел мен халықаралық ұйым өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар