Трамп БҰҰ-ны сынға алды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Президенті Дональд Трамп Біріккен Ұлттар Ұйымының өз әлеуетін жүзеге асыра алмай отырғанын сынға алды, деп хабарлайды Кazinform тілшісі. 

Трамп БҰҰ-ны сынға алды
Фото: Видеодан алынған скрин

Бас Ассамблеяда сөйлеген сөзінде Трамп ұйымның штаб-пәтеріндегі жұмыстың олқылықтарын атап өтіп, бейбітшілік орнату ісімен жалғыз өзі айналысып жүргенін, өйткені БҰҰ «жеткілікті жұмыс атқармайды» деп мәлімдеді.

— Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаты қандай? Ол өз әлеуетіне тіпті жақын да емес, — деді АҚШ Президенті.

Трамп БҰҰ-ны «ескірген әрі тиімсіз» ұйым ретінде сипаттап, ешкімнің көмегінсіз «жеті соғысты тоқтата алғанын» айтты.

— Өкініштісі, мұның бәрін Біріккен Ұлттар Ұйымының орнына менің істеуіме тура келді. Мен жеті соғысты тоқтаттым, сол елдердің барлық басшысымен сөйлестім, бірақ ешқашан БҰҰ-нан келісім жасауға көмектесейік деген қоңырау алған жоқпын, — деді Трамп.

Оның айтуынша, ұйымның «зор әлеуеті» бар, бірақ ол соған сай емес.

Сонымен қатар Трамп климаттың өзгеруімен күрес бойынша БҰҰ-ның күш-жігерін сынға алып, өзге елдерді АҚШ-тан энергия сатып алуға шақырды және Америка әлемнің көмірсутекті энергетикадан бас тартуы үшін енді өзін құрбан етпейтінін айтты. 

Айта кетелік БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының ашылуында сөйлеген кіріспе сөзінде адамзат климаттық әділеттілікті таңдауы тиіс екенін айтты

Соңғы жаңалықтар