Трамп ЕО өнімдеріне кемінде 15–20% кедендік баж енгізуді талап етіп отыр
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропалық одақтан (ЕО) әкелінетін өнімдерге кемінде 15–20% көлемінде кедендік баж салығын енгізуді талап етіп отыр, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл туралы Financial Times басылымы Вашингтон әкімшілігіндегі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Басылымның мәліметінше, соңғы апталарда Вашингтон мен Брюссель ЕО-дан келетін өнімдердің көпшілігіне салынатын баж салығын 10%-ға дейін төмендету туралы келіссөздер жүргізіп келген. Алайда газет Еуроодақ мұндай келісімге келуге дайын емес екенін, себебі 15% деңгейіндегі баж мөлшерлемесі олар үшін қолайсыз екенін атап өтті.
Бұған дейін Дональд Трамп 1 тамыздан бастап ЕО-дан келетін барлық экспортқа 30% кедендік баж салығы енгізілетінін жариялаған болатын. Бұл бұрын енгізілген 10% баж салығынан бөлек — олар болат, алюминий және автомобильдерге қатысты.
Жауап ретінде Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен бұл шаралар трансатлантикалық жеткізу тізбегіне қауіп төндіретінін айтып, 1 тамызға дейін қандай жағдай болса да келісімге қол жеткізуге шақырды.
Сауда жөніндегі Еурокомиссар Марош Шефчович ЕО АҚШ-тың баж салығын жоюын талап ететінін растады. Сонымен қатар, егер келіссөздер нәтиже бермесе, Еуроодақ АҚШ-тан жылына 72 миллиард еуро көлеміндегі экспорттық тауарларға қарсы баж салығын енгізуге дайын екенін мәлімдеді.
Айта кетелік Калифорния Трамп әкімшілігін сотқа берген еді.