Трамп еуропалық көшбасшылармен әңгімелескенін айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропалық көшбасшылар мен АҚШ президенті арасында Украинадағы жағдайға қатысты телефон арқылы сөйлесу кезінде жанжал шықты. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамптың өзі хабарлады, деп жазды DW ақпарат агенттігі.

Дошло до «резких слов» — Трамп о беседе с европейскими лидерами
Фото: Anadolu Ajansi

Франция президенті Эмманюэль Макрон, ГФР канцлері Фридрих Мерц және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер сәрсенбі, 10 желтоқсанда АҚШ президенті Дональд Трамппен Украинадағы жағдайды талқылау үшін телефон арқылы 40 минут сөйлескен.

Елисей сарайының хабарлауынша, әңгіменің мақсаты бейбітшілік орнатуға қатысты мәселелер бойынша талқылауларды «ілгерілету» болған.

— Менің ойымша, бізде адамдарға қатысты аздап келіспеушілік болды. Біз кездескенге дейін қалай болатынын көрейік дедік, — деп түсіндірді Дональд Трамп.

Америка көшбасшысы «ауыр сөздер» нені меңзеп тұрғанын нақтылаған жоқ. 

Мәлімдемеге сәйкес, консультацияларға қатысушылар бұл Украина, оның халқы және еуроатлантикалық кеңістіктегі жалпы қауіпсіздік үшін сыни сәт екенімен келісті.

Сондай-ақ Мерц, Макрон және Стармер АҚШ-тың Украинада тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.

Трамптың айтуынша, еуропалық көшбасшылар АҚШ өкілдерінің осы аптаның соңында Еуропада өтетін Украина бойынша кездесуге қатысуын қалайтынын білдірді. Оған Украина басшысы Владимир Зеленский де қатысады. 

— Біз олардың немен оралатынына байланысты шешім қабылдаймыз. Уақытты босқа кетіргіміз келмейді, — деп атап өтті АҚШ президенті.

Бейсенбі, 11 желтоқсанда «еріктілер коалициясы» аталған ұйымның өкілдері Украинаның қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін Ұлыбритания мен Францияның бірлескен төрағалығымен бейнеконференция өткізуді жоспарлап отыр. Франция үкіметінің өкілі АҚШ-тың ықтимал үлесі де талқыланатынын мәлімдеді. Украинаны қолдайтын «еріктілер коалициясына» басым көпшілігі еуропалық 30 ел кіріп отыр.

Үш аптадай уақыт бұрын Трамптың Украинадағы бейбітшілік жоспарының барлық 28 тармағы жарияланған. 

Бұған дейін Украина АҚШ-қа бейбіт жоспар жобасына берген жауабын жолдағанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум