Трамп Еуропаны миграцияны тоқтатуға және жел генераторларынан бас тартуға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп Шотландияда сөйлеген сөзінде Еуропа елдерін жел энергетикасынан бас тартуға және миграциялық ағымды тоқтатуға үндеді. Бұл туралы DW хабарлады.

Трамп сауда тарифтерінің күшіне ену мерзімін ұзартты
Фото: Анадолы

— Еуропа үстінен ұшып келе жатып, әсем алқаптар мен жазиралардағы жел генераторларын көріп, көңілім құлазыды. Олар табиғатты бүлдіріп қана қоймай, құстарды да жояды, — деді Трамп Глазго Прествик әуежайында.

Оның айтуынша, жел генераторлары теңізге де зиян келтіреді.

Сондай-ақ Трамп Еуропаны «мигранттар шапқыншылығын» тоқтатуға шақырды. Ол бұл құбылыс Еуропаны жел генераторларының табиғатқа тигізетін зияны секілді күйретіп жатыр деп мәлімдеді.

Трамп Шотландиядағы екі гольф-клубына баруды және 27 шілдеде Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен кездесуді жоспарлап отыр. 28 шілдеде АҚШ президенті Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен келіссөз өткізеді.

Фон дер Ляйеннің айтуынша, Трамппен өтетін кездесу «трансатлантикалық сауда қарым-қатынастарына» арналмақ. Шотландияға ұшар алдында Трамп Еуроодақпен кедендік баж салығын болдырмауға бағытталған келісімге келу ықтималдығын «жақсы» деп бағалады.

— Менің ойымша, ЕО-мен келісімге келу мүмкіндігі – 50 де 50, — деді ол.

Бұған дейін ЕО Трампқа жауап ретінде 30% тариф енгізуі мүмкін екенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар