Трамп Гренландияның арнайы өкілін тағайындады

АСТАНА. KAZINFORM – Ақ үй арал билігімен тікелей қарым-қатынас орнату үшін Гренландия бойынша АҚШ-тың арнайы елшісі етіп республикашыл губернатор Джеф Лэндриді тағайындады, деп хабарлайды DW.

Трамп Гренландияның арнайы өкілін тағайындады
Фото: DW

АҚШ президенті Дональд Трамп Луизиана губернаторы Джеф Лэндриді Гренландия бойынша арнайы өкіл етіп тағайындады. Ақ үй бұл туралы әлеуметтік желідегі Truth Social аккаунтында жариялады. 

Лэндридің өзі «Гренландияны АҚШ-тың бір бөлігі ету» ол үшін үлкен құрмет екенін атап өтті. Ақ үй Трамптың 2024 жылы Луизиана губернаторы болып сайланған 54 жастағы республикашылды неліктен осы лауазымға таңдағанын түсіндірмеді. 

Луизиана мен Гренландияның әкімшілік орталығын әуе арқылы шамамен 4 600 шақырым бөліп тұрады. 

Дәстүрлі түрде Ақ үй халықаралық дағдарыстар мен қиын келіссөздер кезінде арнайы елшілерді тағайындайды. Дания билігі Копенгаген мен Гренландия арасындағы қарым-қатынасқа шетелдің араласуын қолайсыз деп атайды. Олар Джеф Лэндридің Гренландия бойынша АҚШ-тың арнайы өкілі болып тағайындалуы туралы әлі нақты түсінік берген жоқ.

Осы жылдың қаңтар айында АҚШ президенті Дональд Трамп Панама каналы мен Гренландияны бақылауға алу үшін әскери күш қолдануды қарастыратынын мәлімдеді. 

2025 жылдың наурыз айында АҚШ вице-президенті Дж.Д. Вэнс Пентагонның ең солтүстік терең су порты Питуффик ғарыш базасына барды. 

Кейінірек Гренландия премьер-министрі АҚШ шенеуніктерінің сапарын «күш көрсету» деп атады. 

Соңғы жаңалықтар