Трамп Илон Маскты үкіметтік тиімділік департаментінің басшысы қызметіне тағайындады

АСТАНА. KAZINFORM – Дональд Трамп сайлау кезінде өзін қолдаған Илон Маскты Үкімет тиімділігі департаментінің жаңа басшысы етіп тағайындады. Трамп сонымен бірге Fox News арнасының жүргізушісін Пентагонның басшысы етуге ниетті.

Как соцсети Трампа и Маска меняют правила игры
Коллаж: Kazinform / Flikr/ Freepik / truthsocial.com

Америка Құрама Штаттарының жаңа президенті Дональд Трамп бизнесмен, Tesla және Space X негізін қалаушы Илон Маскты үкіметтің тиімділігі департаментінің жаңа басшысы етіп тағайындады. Бұл туралы саясаткер өзінің Truth әлеуметтік желісінде хабарлады.

– Мен ұлы Илон Масктың американдық патриот Вивек Рамасвамимен бірге үкімет тиімділігі департаментін (DOGE) басқаратынын қуана хабарлаймын, – деп мәлімдеді Трамп.

– Осы екі американдық бірге менің әкімшілігіме мемлекеттік бюрократияны жоюға, шығындарды қысқартуға және федералды агенттіктерді қайта құруға жол ашады, – делінген хабарламада.

Оның айтуынша, жаңа департамент үкіметтен тыс ұсыныстар жасайды, Ақ үймен және бюджеттік кеңсемен «кең ауқымды құрылымдық реформаларды» жүзеге асыру және үкіметке «бұрын-соңды болмаған» кәсіпкерлік көзқарасты қалыптастыру үшін жұмыс істейді.

Трамп сонымен бірге Пентагон басшысы лауазымына үміткерді ұсынды. Бұл лауазымға ол Fox News жүргізуші және Гуантанамо, Ирак пен Ауғанстанда қызмет еткен армия ардагері Пит Хегсетті шақырды.

– Пит қатал, ақылды және Америка бәрінен де жоғары екеніне сенеді, – деді Трамп.

Айта кетейік, бұған дейін Илон Маск Трамп әкімшілігіндегі өзінің әлеуетті рөлін ашқан болатын.

Дональд Трамп пен Илон Маск әлеуметтік желіні қалай пайдалануда.

Илон Маск Трампты қолдау үшін 200 миллион доллар жұмсаған.

Соңғы жаңалықтар