Трамп инаугурациядан кейін алғашқы жарлықтарға қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп өз бағдарламасын жедел жүзеге асыру мақсатында Ақ үйде бірнеше жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Трамп инаугурациядан кейін алғашқы жарлықтарға қол қойды
Фото: X / JDVanceNewsX

Трамптың бірінші жарлығы бұрынғы президент Джо Байден қол қойған 80-ге жуық атқарушылық актілерді жойды, соның ішінде климаттық келісім, гендерлік сәйкестік белгісі бойынша кемсіту және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығу бар, деп хабарлайды NBC News. 

Иммиграциялық мәселені шешу аясында Трамп өзінің алғашқы әкімшілігі кезінде қызмет еткен, Мексикадан АҚШ-қа заңсыз кіруге әрекеттенгендер үшін «Мексикада қалыңыз» саясатын қалпына келтірді. Тағы бір қаулы картельдер мен қылмыстық топтарды, оның ішінде заңсыз мигранттарды алып өтумен айналысатындарды шетелдік террористік ұйымдар ретінде анықтайды.

Трамптың шекарада төтенше жағдай жариялауы АҚШ Қорғаныс министрлігіне армия мен ұлттық гвардияны шекараға жіберуге мүмкіндік береді. 

Президент Құрама Штаттарының екі жынысты – еркек пен әйелді – оның ішінде төлқұжат пен виза сияқты барлық мемлекеттік құжаттарда тану саясатын бекітті.

Трамп ресми түрде Мемлекеттік басқарудың тиімділік департаментін (DOGE) ресми түрде құру туралы бұйрыққа қол қойды, оған мемлекеттік шығындарды қысқарту міндеті жүктеледі. 

Энергетика саласында «Энергетикадағы ұлттық төтенше жағдай туралы» құжатқа қол қойылды, бұл бюрократияны қысқарту және көбірек бұрғылауға мүмкіндік беру үшін қажет құжат. Қол қойылған екінші құжат Аляскада көбірек энергия өндіруге мүмкіндік береді.

Ол сонымен қатар Аляскадағы ең биік тау «Денали» атауын «Мак-Кинлиге» өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Президент Барак Обама таудың атын 2015 жылы Аляскадағы жергілікті тайпалар мен саясаткерлердің өтініші бойынша өзгертті, бұл 25-ші президент Уильям Мак-Кинлидің туған жері Огайо штатында наразылық тудырды.

Трамп Мексика шығанағының атауын да Америка шығанағы деп өзгертті, бірақ АҚШ президентінің халықаралық сулар деп саналатын аумақтың атын өзгертуге құқы бар-жоғы белгісіз. 

«Президенттің Атқарушы кеңсесінде жұмыс істеу үшін жұмысқа қабылданған тұлғалардың қауіпсіздік рұқсаттарын өңдеудегі» «кідіріске» сілтеме жасай отырып, Трамп Ақ үйге өте құпия ақпарат алуға рұқсат алатын қызметкерлердің тізімін дайындауды тапсырды. 
Еске сала кетейік, Дональд Трампты ұлықтау рәсімі болды. 

Дональд Трамп Вашингтонда өтіп жатқан ұлықтау рәсімінде сөз сөйлеп, Американың алтын ғасыры басталғанын мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар