Трамп Ирандағы операцияның аяқталуы туралы айтты

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы жүргізіліп жатқан әскери операцияның аяқталу кезеңіне өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Report.

Трамп Ирандағы операцияның аяқталуы туралы айтты
Фото: yahoo.com

— Бізде бәрі жақсы жүріп жатыр. Бұл (әскери операция — ред.) аяқталуға жақындап қалды, — деді Дональд Трамп.

Еске сала кетейік, АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға қарсы әскери операция бастап, бірқатар қалаларға әуе соққыларын жасаған. Бұған жауап ретінде Иран Израиль аумағына зымырандар ұшырып, сондай-ақ Парсы шығанағы елдеріндегі америкалық әскери базаларға шабуыл жасаған. Жағдайға байланысты аймақтағы бірқатар мемлекеттер әуе кеңістігін уақытша жапты. Сол күні соққылар нәтижесінде Иранның жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи қаза тапты.

Кейінірек АҚШ-тың Иран билігіне Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтату бойынша 15 тармақтан тұратын жоспар жолдағаны белгілі болды.

Бұған дейін Дональд Трамп АҚШ-қа әскери қолдау көрсетпей қойған серіктестеріне шүйліккен болатын.

Соңғы жаңалықтар