Трамп Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағанын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM — Дональд Трамп АҚШ-тың Иранға қарсы «көп масштабты әскери операция» бастағанын растады. Бұл туралы Израиль Тегеранға ракеталық соққы жасағанын мәлімдегеннен кейін белгілі болды.

Трамп Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағанын мәлімдеді
Фото: Видеодан алынған кадр

АҚШ Президенті әлеуметтік желіде Truth Social парақшасында сегіз минуттық бейнемәлімдеме жариялап, шабуылдар «америкалық халықты қорғау үшін бағытталған» деді.

— Америка Құрама Штаттарының саясаты, менің әкімшілігімнің саясаты, бұл террористік режим ешқашан ядролық қаруға ие болмауы тиіс дегенге негізделген. Қайталап айтамын, олар ешқашан ядролық қаруға ие болмайды, — деді Трамп өз бейне мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, ол АҚШ-тың Иранмен ядролық келіссөздер бойынша «таусылған шыдамын» ескеріп, әскери операция бастауға мәжбүр болғанын атап өтті.

Ақ үй басшысы АҚШ-тың Иранның барлық ракеталық арсеналын жоюды көздейтінін мәлімдеді.

— Біз олардың ракеталарын жоямыз және ракеталық өндірісін жермен жексен етеміз, — деді Трамп.

Ол сондай-ақ Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) мен Иран полициясына қаруын тапсыруды талап етті, олардың орнына толық қауіпсіздік және амандықты қамтамасыз етуді ұсынды.

— Мен Иран полициясы мен қауіпсіздік күштеріне айтамын: дереу қаруларыңызды тапсырыңыздар, әйтпесе мезгілсіз ажал құшасыздар. Иран халқы, азаттықтың уақыты келді. Үйде болыңыздар және сыртқа шықпаңыздар, көшеде қауіпті. Біз аяқтаған кезде сіздер өз үкіметтеріңізді басқарасыздар. Бұл режимді құлату үшін сіздердің бір ғана мүмкіндіктеріңіз бар, — деп атап өтті американдық көшбасшы.

Айта кетейік, бүгін таңертең Израиль Тегеранға қарсы соққы жасағаны туралы хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум