Трамп Иранның жаңа басшысын таңдауға кіріседі
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлада айтқанындай, Иранның келесі басшысын тағайындауға жеке ықпал ету қажет деп санайтынын айтты.
Трамп өлтірілген рухани көсем Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба лайықты кандидат емес және АҚШ Иранға «бейбітшілік пен келісім» әкелетін адамды қолдауы керек деп санайды.
Трамп Axios агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында Иранның болашағына қатысты жоспарларын айтты. Ол Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригес сияқты елдің жаңа басшысын таңдауға жеке кірісу қажет деп санайтынын атап өтті.
Трамп Можтаба Хаменеи ықтимал мұрагер ретінде қарастырылатынын, бірақ ол үшін бұл кандидатура қабылданбайтынын ескертті.
Еске салайық, жыл басында Венесуэланың Жоғарғы соты вице-президент Делси Родригесті ел президентінің міндетін атқаруға міндеттеді. Сот шешімі Дональд Трамптың АҚШ Венесуэланы «басқаруды» жоспарлап отырғанын айтқан мәлімдемелерінен кейін қабылдады.
Наурызды 1-і күні Ислам Республикасының билігі жоғарғы басшы Әли Хаменеидің өлімін ресми түрде растап, елде 40 күндік ұлттық аза тұту жарияланғанын хабарлады. Бұрынғы жоғары басшы Тегеран орталығындағы резиденциясына жасалған соққыдан кейін қаза тапқан.
Осыдан кейін Аятолла Арафи Иранның уақытша жоғары жетекшісі болып тағайындалды. 67 жастағы Арафи ықпалды шииттік діни қайраткер ретінде танылып, жақында қайтыс болған Аятолла Әли Хаменеидің сенімді адамы болған.